5 қазан - Ұстаздар күніне орай "Мектептің жүрегі - мұғалім " атты тақырыпта мерекелік концерт өтті. Салтанатты іс-шараны мектеп директоры Қ.М.Бабасова құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Салтанатты шара 10-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарламасымен жалғасын тапты. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді. Іс – шараның соңында, оқушылар Ұстаздарға хор арналды.