Меню KDT

Новости

Главная Новости

біртұтас_тәрбие

Қоршаған ортаны қалпына келтіру немесе сақтап қалу өзекті әрі ауқымды мәселе. Өйткені, ұзақ жылдар бойы адамзат табиғатты барынша пайдаланудың нәтижесінде, климатта айтарлықтай өзгерістер орын алды. Қоршаған орта - аты-ақ айтып тұрғандай, бізді қоршаған әлем. Осы ауқымды мәселені талқылау мақсатында оқушылармен "Табиғаты таза болашақты қалай ұстауға болады?" тақырыбында пікірталас өтті. Оқушылар мектепте көз алдымызда күнделікті әр сыныпта тұрған гүлдерді мысал ретінде алып тақырыпты ашуға тырысты. "Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтар табиғаттың тілі жоқ" деп айтылғандай болашақ табиғатымыз таза әрі әдемі болу үшін әр адамның атқаратын міндеттері көп екені ескеріліп өтті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено