2024 жылдың 30 желтоқсанында мектеп жоспарына сәйкес “Қазіргі қоғамда әлеуметтік бейімделу және табысқа жету үшін тәрбие ортасын құру” тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды: ✅ Біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы ✅Мемлекеттік білім стандарты талаптарының пәндер бойынша орындалысы.ІІ тоқсан қорытындысы ✅Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық «Ұстаз» аттестация платформасы ✅Оқушылар арасында қатыгездік, зорлық-зомбылықтың алдын-алу Мектеп директоры Б.А.Баймуратова ұжым педагогтерімен күн тәртібіндегі мәселелерді жете талқылап, алдағы 3 тоқсанға нақты жұмыс жоспарын ұсынды. ВИДЕО КӨРУ