Меню KDT

Новости

Главная Новости

#Біртұтас_тәрбие

16 қазанда «Тихоокеанск негізгі мектебінде» 5-8сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМНЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста келесі мәселелер қаралды: 2024-2025 оқу жылының 1-тоқсанындағы мектеп жұмысының ұйымдастырылуы туралы мектеп директоры Г.Хуан сөз сөйледі. Жасөспірімдердің аутоагрессивті мінез-құлқын алдын алу мәселесі, сондай-ақ «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Г.Газез баяндама жасады. Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Г.Газез ата-аналарға интернетте қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін жолдарын қарастырып, кибербуллингтің белгілері мен салдары туралы айтты, сондай-ақ балаларға қолдау көрсететін мүмкін болатын қызметтермен таныстырды. Оқушылардың аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алуға бағытталған мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысы туралы әлеуметтік педагог ,мектеп психологы баяндама жасады. Қорытынды бөлімде мектеп әкімшілігі мен ата-аналар қоғамдастығы балалардың сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кейбір интернет-ресурстардың деструктивті әсері мәселесіне байланысты бірлесе отырып, әр баланың ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ МАКСИМАЛДЫ ҚАУІПСІЗДІГІН қамтамасыз етуді мақсат еткен іс-қимыл жоспарын жасау туралы шешім қабылданды


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено