Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ұшқыр ой алаңы

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын, «Ұшқыр ой алаңы» жобасын, «Дебат-сөз додасы» үйірмесін іске асыру аясында 2024 жылдың
10 қаңтар күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де үйірме оқушыларына үйірме жетекшісі Калиева Ж.К. БПФ (Британдық парламенттік формат) бойынша дебат өткізді.
Британдық форматта 2 жақтаушы
2 даттаушы команда. Əр команда да 2 спикер ойнайды,олардың əрқайсысының міндеті төрешісі өз сөздеріне көндіре, сендіру.
Əр спикер 7 минуттан сөйлейді. Бірақ 5 минуттық қысқартылған күйде де ойнауға болады. Спикерлердің сөйлеу уақыттарында сұрақ қоюға болады,бірақ спикер рұқсатынан соң ғана. Сұрақтарға жауап бермеу спикерлік балға əсер етеді.
Ойын тәртібі:
Бірінші үстел. 1 спикердің (Үкімет Премьер -министрі)міндеттері - Алаңды аша білу, оның палатасы не үшін күресетіні туралы айту. Құндылығын жариялау жəне өз аргументтерін енгізу. Логикалық жағынан көп ойлау.
2 спикердің (Оппозиция лидері)міндеттері- Үкіметтің айтқандарын даттау, жоққа шығару.Өз құндалығын жариялап, аргументтерін ойынға қосу.
3 спикердің (Премьер -министрдің орынбасары) міндеттері - Оппозицияның сөздеріне жауап қайтару жəне өз аргументтерін орнына келтіріп қайта қорғау.
4 спикердің (Оппозиция лидерінің орынбасары) міндеттері - Өз кейсін сақтап, қарсылас кейсін құлату.
Екінші үстел. 5 спикердің (Үкімет өкілі) міндеттері - Оппозиция лидерінің орынбасарының сөздеріне қарсы шығу жəне ойынға жаңа аргумент қосу.
6 спикердің (Оппозиция өкілі ) міндеттері -Үкімет өкіліне қарсы шығу оппозиция аргументтерінің құламауына кепіл болу.
7 спикердің (Үкімет өкілінің хатшысы ) міндеттері - Өз палаталарының ой қорытындысын айтып ойынды жүйелеу,анализ жасау. Жаңа аргумент қосуға болмайды.
8 спикердің (Оппозиция өкілінің хатшысы) міндеттеріне-Жалпы ойынды қорытындылап, анализ жасау. Жаңа аргумент қосуға рұқсат етілмейді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено