Ю. А. Гагарин атындағы №14 мектепте «Закладка» фильмін көру.
Ю. А. Гагарин атындағы №14 мектепте «Закладка» фильмін көру.
31 қаңтарда Ю. А. Гагарин атындағы №14 орта мектепте 7-11 сынып оқушыларына арналған «Закладка» фильмі ұйымдастырылды.
Бұл маңызды іс-шара оқушылардың тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына байланысты қазіргі заманғы қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Фильмді көргеннен кейін балалар оның негізгі тұстарын талқылап, өз ойларымен бөлісіп, мұғалімдерге сұрақтар қойды.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерге қауіпті әрекеттердің салдарын түсінуге көмектеседі және олардың болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.