Меню KDT

Новости

Главная Новости

Түркі халықтарының музыкалық аспаптары.

«Өнер-өмір жемісі» атты көркем еңбек және музыка апталығының аясында өткен Кудерина Жанар Агзамовнаның «Түркі халықтарының музыкалық аспаптары» тақырыбындағы ашық сабағы оқушыларға түркі әлемінің музыкалық мәдениеті мен аспаптарының байлығын таныстыруға арналған тамаша мүмкіндік болды.  Көрнекі құралдар, аспаптардың бейнелері мен дыбыстарының үлгілері сабақтың қызықтылығын арттырып, оқушылардың назарын жинақтады. Білім алушылар жаңа ақпаратты жадында сақтау және қолдану үшін музыкалық аспаптардың дыбыстарын тыңдай отырып, топпен постерлер жасап, талқылауларға қатысты. Мұғалімнің шеберлігі мен сабақты ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдері сабақты тиімді әрі қызықты етті. Бұл сабақ оқушыларға түркі халықтарының музыкалық дәстүрлері мен аспаптарының ерекшеліктерін білуге және музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен әсер етті. ВИДЕО КӨРУ


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено