«9 ай, 9 іс-шара» жобасы аясында «Қазақ есебі» челленджісі өткізілді. Бұл челленджінің негізгі мақсаты оқушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету және оқушының бойына ұлттық құндылықты сіңіре отырып жүзеге асыру. Оқушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын оятуға арналған бейнекөрсетілім көрсетілді. Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсетуге арналған қолданбалы тапсырмалар берілді. «Қазақ есебі» челленджісіне №64 мектеп-лицей оқушылары белсене қатысты. ВИДЕО КӨРУ