ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💐💐💐💐💐 22.01.2025 ж күні 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Мектебіміздің 9- сынып оқушылары Жетпісбай Ақнұр – Қазақстан тарих пәнінен және құқықтану пәнінен қатысқан Амантай Мөлдір бүгінгі салтанатты шараға қатысып, Маңғыстау облыстық білім басқармасының ІІІ дәрежелі диплом және қола медаль иегерлері атанды. Жеңімпаз қыздарымыздың жетекшісі –тарих пәнінің мұғалімі Тұрниязов Рамазан Қуатбайұлын да оқушыларының жеңісімен мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар олимпиаданың облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әділқазылық еткені үшін Дүйсенбаева Ләззат Оралбайқызы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Дүйсенбаева Ләззат Оралбайқызын құттықтай отырып, үлкен шығармашылық табыс тілейміз💐💐💐💐