“Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында А.Джалгасбаеваның ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушылары арасында пікірталас сайысы өтті. Пікірталастың тақырыбы: «Бұл палата ғаламтордың зиянынан пайдасы көп деп есептейді». Мақсаты – оқушылардың сыни ойлау, сөз сөйлеу мәдениеті мен пікірін дәлелдей білу қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ғаламтордың оң және теріс жақтарын талқылау арқылы саналы қолдануды үйрету болды. Пікірталасқа екі топ қатысты: “Жақтаушылар” (ғаламтордың пайдасы көп деп есептейтіндер) және “Даттаушылар” (ғаламтордың зиянын көбірек деп санайтындар). Әр топ өз ұстанымын дәлелдеп, дәйектер келтіріп, көрермендер мен қазылар алқасына өз пікірлерін жеткізе білді. Жақтаушылардың негізгі дәйектері: • Ғаламтор арқылы білім алу мүмкіндігінің кеңеюі; • Қажетті ақпаратты тез табуға болатындығы; • Әлемнің кез келген нүктесіндегі адамдармен байланыс жасау мүмкіндігі. Даттаушылардың негізгі дәйектері: • Ғаламтордың адам денсаулығына, әсіресе көзге зияны; • Ойындар мен әлеуметтік желілерге тәуелділіктің артуы; • Қауіп