Мектебімізде 24.01.2025ж.күні “Smart-Bala” жобасы негізінде мектепішілік “Теориядан тәжірибеге” жобасы аясында химия пәні бойынша “Ғажайып химия” тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті. Сайысты химия пәні мұғалімі: М. Нургалиева ұйымдастырып, жоғары деңгейде жүргізді.
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың химия пәні бойынша білімдерін тексеру; Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сайыс кезеңдері:
Топтардың таныстырылымы; «Блиц-сұрақтар»; «Қызықты тәжірибелер»; Шығармашылық тапсырма. Сайыс нәтижесі:
І орын: 9 “Ә” сыныбы; ІІ орын: 9 “А” сыныбы. Сайыста белсенділік танытқан барлық оқушылар мен сыныптарды құттықтаймыз! Осындай интеллектуалды шаралар оқушылардың білім деңгейін көтеріп, қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.