ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ “А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ" КММ БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ “А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ" КММ
БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
ХАБАРЛАНДЫРУ! Бос лауазымдардағы педагогтің орнына қатысатын үміткерлерге! ҚР Оқу - ағарту министрлігінің 12.01.2024 жылғы №4-08-4/258-И хатының негізінде "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарында (мектепте) педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу процестерін автоматтандыру мақсатында "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінде "Педагогтерді жұмысқа қабылдау" модулі іске қосылды.
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия» КММ.
Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы, Сыпатай батыр№134
Анықтама, байланыс номері:87473610235
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті:ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.
1. Директордың құқтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - 1 бірлік (уақытша).
2. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үшін - Біліктілікке қойылатын талаптар: №338 бұйрыққа сәйкес тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы. Пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті.
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2025 жылдың 03 ақпан мен 12 ақпан аралығында,сағат 9.00-18.00, үзіліс 13.00-14.00. Конкурс өтетін күні: 18.02.2025 жыл.сағ. 10.00
4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 118 тармағына сәйкес жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8 )наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.6.
Педагогтың уақытша бос лауазымының мерзімі: негізгі қызметкер жұмысқа қайта шыққан уақытқа дейін.