Меню KDT

Новости

Главная Новости

Сабақты зерттеу (Lesson Study)

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі – Lesson Study
Сабақты зерттеу (Lesson Study) — бұл мұғалімдердің бірлесіп, бір сабақтың немесе бірнеше сабақ циклдарының зерттеуін жүргізіп, білім беру тәжірибесін жақсартуға бағытталған кәсіби даму әдісі. Мектебімізде 20 сабақты зерттеу тобы құрылған. Мақсаты: Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін білім сапасын арттыру, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына және өзін-өзі дамытуына бағытталған біліктілікті арттырудың тиімді жүйесін құру, тәжірибені жақсарту үшін бірлескен зерттеулер жүргізу, оқу мен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. 3-тоқсанның алғашқы аптасынан басталған сабақты зерттеудіі №1 циклі жоспарға сай өтуде. Ашық сабақтар өткізіліп, пән мұғалімдері өзара ынтымақтастықта жұмыс атқарып, оқыту әдістерін жетілдіруге көмектеседі, сондай-ақ оқушылардың білім сапасын көтеруге ықпал етеді. Бұл кезеңде мұғалімдер өздерінің сабақ жоспарын жасап, әрбір топқа арнайы материалдар мен әдіс-тәсілдер ұсынды. Әрбір топ сабақтың өз ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жүргізді, ал зерттеу тобы оқушылардың оқу нәтижелерін және сабақты өткізу процесін бақылап, тиімділігін талдады. Әр топтың өткізген сабағы бойынша нақты нәтижелер мен кері байланыс жинақталып, келесі сабақтарға қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Алдағы ақпан айында сабақтың зерттеудің 2-циклі жалғастырылады. ВИДЕО КӨРУ


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено