Меню KDT

Новости

Главная Новости

Хабарландыру

ХАБАРЛАМА
Құрметті жас мамандар,жұмыс іздеуші педагогтер!  2024-2025 оқу жылында педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінде « Педагогтерді жұмысқа қабылдау»модулін арқылы жүргізіледі.

«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде педагогтерді жұмысқа қабылдауды https://hr-nobd.iac.kz/#/sign-in сілтемесі арқылы жүзеге асады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ Келесі бос орындарға конкурс жариялайды:
1. Көркем еңбек пәні мұғалімі (қыздар тобына) – 8 сағат,уақытша қызметіне (2025 жылдың 25 мамырға дейін);
2. Көркем еңбек пәні мұғалімі (ұлдар тобына)– 8 сағат,уақытша қызметіне (2025 жылдың 25 мамырға дейін)
3.Математика пәні мұғалімі (қазақ,орыс тілді) -1 бірлік,21 сағатқа тұрақты қызметіне;
4.Физика пәні мұғалімі қазақ тілді -1 бірлік,16 сағат,уақытша қызметіне(2025 жылдың 25 мамырға дейін);
5.Бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог- ұйымдастырушысы-1 бірлік, тұрақты қызметіне.

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:
1. Лауазымдық жалақысы: 150000-200000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
2. Конкурсты өткізу мерзімі: 21.02.2025 жылы сағат 15-00 де.
3. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
4. Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы Саду Шакиров көшесі 3А «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ.
Анықтама байланыс телефоны:+77264322052 Почта: mekteply@mail.kz
5.Құжаттар «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде педагогтерді жұмысқа қабылдауы арқылы жүзеге асады. Біліктілік талаптары: Тиісті бейіні бойынша жоғары (педагогикалық) білімі туралы құжаты
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Кандидаттың толтырған бағалау парағы.
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) ,оқу орнынан ұсыным хат. Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.02-12.02.2025ж
Хабарландыру жарияланған әлеуметтік желілері:
1.Педагогтерді жұмысқа қабылдауды https://hr-nobd.iac.kz/#/sign-in сілтемесіне жарияланды.
2.https://www.facebook.com/share/p/x54K9QEYqohc4G2i/?mibextid=WC7Fne
3.Енбек КЗ сайтына жарияланды.
4.https://zhibekzholy.shu-bilim.edu.kz/


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено