Меню KDT

Новости

Главная Новости

Онлайн-сабақтар

«№7 орта мектеп» 2025 ж. 29-30 қаңтар аралығында сынып жетекшілері 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына «Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас» тақырыбында, 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына «Жасөспірімді қалай түсініп, қабылдауға болады» тақырыбында, 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Жеке тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы» тақырыбында онлайн-сабақтар өткізді.
Мақсат: оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесінде мектеп ата-аналарының қарым-қатынасын нығайту және құнды отбасы мәдениетін қалыптастыру.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы ата-аналар мен мектеп арасындағы сенімді әрі үйлесімді қарым-қатынасты қолдауға бағытталған. Әртүрлі жас топтарындағы оқушылардың ата-аналары үшін онлайн-сабақтар өткізу балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және ата-аналарға қарым-қатынас пен тәрбие бойынша практикалық құралдар ұсынуға көмектеседі.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено