2025 жылғы 04 ақпан күні «Павлодар қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» базасында Павлодар облысы мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына «Бақытты бала» жобасы аясында «Мектепке дейінгі ұйым басшысының басқарушылық құзыреттілігі - ұйымның инновациялық режимде даму факторы» атты тәжірибеге бағытталған семинар өткізілді.
Семинарға Павлодар облысындағы мектепке дейінгі ұйымның 108 басшысы қатысты.
Семинар барысында балабақшалардың дамуы жағдайында ұйым басшыларына тек білім беру процесінің сапасын сақтап қана қоймай, сондай-ақ білім беру мен ұйымдық қызметтің жақсаруына септігін тигізетін инновацияларды енгізу жолдары ұсынылды.
Спикерлер балабақша ұйым басшысының басқарушылық құзыреттілігі мекеменің инновациялық дамуындағы жетістікке қол жеткізетін маңызды факторлармен бөлісті.
Практикалық жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өз ұсынымдарын енгізді.