⚜️Мектебімізде 29.01.2025 ж.күні “Даналық мектебі” аясында “Әжем үйреткен” тақырыбында қыз балалардың қатысуымен әжелердің шеберлік сағаты өтті. ⚜️Мақсаты: Қыз балаларды тұрмыстық дағдыларға, ұлттық тағамдар дайындауға, қолөнерге баулу. Ұмыт бола бастаған дәстүрлерді жаңғырту және насихаттау.
🔆Аталған іс-шара барысында әжелер жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары: М. Аринова мен МАД “А” сынып жетекшісі: Ж. Тажиханова жүргізді.
⚜️1-бөлімде қатысушы әжелер өздерін таныстырып, өмірлік жолдары мен отбасы құндылықтары жайлы әңгімеледі. ⚜️2-бөлімде қыздарға тұрмыс-тіршілікке, отбасылық өмірге, ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты ақыл-кеңестерін айтты. ⚜️3-бөлімде шеберлік сабақтары өтіп, әжелер қыздарға ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті. Атап айтқанда:
🔆Гүлсара әже ұлттық тағам – бұжының жасалу жолын көрсетті. Гүлжамал әже бауырсақ пісірудің құпияларымен бөлісті. Күрең әже ұршық иірудің әдістерін түсіндірді. Жұлдыз әже киізден бұйым жасаудың тәсілдерін үйретіп, бірнеше дайын жұмыстарын алып келді.
⚜️Бұл іс-шара қыз балаларға үлкендерден тәлім алып, ұлттық мұраға жақындауға мүмкіндік берді. Әжелердің шеберлік сабақтары арқылы қыздар тұрмыстық өмірде қолдануға болатын құнды білім мен тәжірибе жинады. ⚜️Іс-шара соңында әжелерге мектеп ұжымы атынан алғыс хаттар табысталды.