9-қаңтар күні спорт және салауатты өмір салты фракциясының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес денешынықтыру пәні мұғалімі Үсенов. Р. ұйымдастыруымен 2-3 сынып оқушылары арасында “Салауатты өмір салтын ұстан” тақырыбында “Балалар спорттық эстафетасы” өткізілді. Балалар Арлан және Барыс тобы болып екі топқа бөлініп, эстафеталық жарысқа қатысты.
Эстафеталық жарыс 5 кезеңнен тұрды. 1)Арқан тартыс; 2)Кедергілер арасынан таяқшамен өту; 3)Кедергілер арасынан жүгіріп өту; 4)Кедергілер арасынан допты алып жүру; 5)Сұрақ-жауап кезеңі; Нәтижесінде Арлан командасы 3-2 есебімен жеңіске жетті. Эстафета мақсаты: ұлттық ойындарымыз, арқан тартыс жайлы түсінік беру, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға қызықтыру