«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі деп Мағжан атамыз тектен-тек айтпаса керек.

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі деп Мағжан атамыз тектен-тек айтпаса керек.

2025 жылдың 21 ақпанында «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ базасында жерлес ақын, педагог Мағжан Жұмабаев шығармалары арқылы жас мұғалімдер бойына қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу арқылы кәсіби дайындықтарын шыңдау, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында алғашқы рет қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Мағжан оқулары» облыстық әдеби-шығармашылық байқауы өтті.

Байқауға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы орта білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің 0-5 жыл өтілі бар 25 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.
Бұл шара ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген сүйіспеншілікті оятуға, ұстаздардың шеберліктерін шыңдауға және жаңа шығармашылық идеяларды бөлісуге мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Мен жастарға сенемін» номинациясы:

І орын - Кабдуллова Надира Артикбаевна «Дарын» мектеп-лицейі» КММ Петропавл қаласы;

ІІ орын - Бостан Ерқанат Қуанышбекұлы «Ә.Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп» КММ Петропавл қаласы;
Илюбаев Аянбек Саулетович «Ольгинка негізгі мектебі» КММ Шал ақын ауданы;

ІІІ орын - Байбатыр Алтынгүл «Қарашілік негізгі мектебі» КММ Уәлиханов ауданы;
Иманбек Алтынбек Алмасұлы «Новоселов орта мектебі» КММ Ғабит Мүсірепов атындағы аудан;
Ақжігіт Алмаз Дәуітұлы «Саумалкөл №1 орта мектебі» КММ Айыртау ауданы.
«Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» номинациясы:

І орын - Забенова Алтынай Сагитовна «Ольгинка негізгі мектебі» КММ Шал ақын ауданы;

ІІ орын - Айбарыс Даулетхан «Белоградовка орта мектебі» КММ Тимирязев ауданы;
Жанибекова Самал Жанибековна «Аксеновка орта мектебі» КММ Айыртау ауданы;

ІІІ орын - Етіш Серікқали Етішұлы «Якорь орта мектебі» КММ
Қызылжар ауданы;
Әуелбек Аружан Талгатовна «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей» КММ Петропавл қаласы;
Тулешов Мадьяр Аманбаевич «Петровка орта мектебі» КММ Тайынша ауданы.
«Педагог-практик» номинациясы:

І орын Кабденова Сагыныш Кайратовна «Ақан-Барақ орта мектебі» КММ Шал ақын ауданы;

ІІ орын Копеев Азамат Самарканович «Шағалалы орта мектебі» КММ Аққайың ауданы;

ІІІ орын Сеиткожа Алуа Нурбаевна «Нежинка орта мектебі» КММ Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы біз тек тіл мен әдебиетті емес, қазақ халқының рухани болмысын, салт-дәстүрін, тарихын да терең түсініп, құрметтей аламыз. «Мағжан оқулары» барысында ақынның өлеңдері мен шығармаларына арналған түрлі әдеби талқылаулар, көркемсөз оқу сайыстары және мағжаншыл ұстаздардың шығармашылық жұмыстарын көрсету жоспарланған.