«Өзгермелі әлемде балаларға қосымша білім беру: өзектілігін, тартымдылығын, нәтижелілігін дамыту»
Бүгін Оқушылар сарайында «Өзгермелі әлемде балаларға қосымша білім беру: өзектілігін, тартымдылығын, нәтижелілігін дамыту»тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: өзгермелі әлемде балаларға қосымша білім берудің өзектілігін, тартымдылығын және тиімділігін дамыту, өзекті мәселелердің шешімін табуда педагогикалық қоғамдастықтың өзара әрекеттесуі.
Конференцияда төмендегі бағыттар қамтылды:
1. Инклюзивті білім беру – жағдайлар мен мүмкіндіктер;
2. Қосымша білім берудің балалар өміріндегі рөлі;
3. Балаларға қосымша білім беруге еңбек нарығының сұранысын зерделеу және жүзеге асыру;
4. Балалар мен жастардың қосымша (мектептен тыс, бейресми) білім беру саласындағы инновациялық жобаларын қолдау.