23.04.2025 елордалық Арбатта ұлттық кітап күніне арналған "Кітап FEST" фестивалі өтті. Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті кітаптарын әкеліп, арнайы "кітап шкафында"алмасты. Мереке атмосферасын жас ақындар, әртістер мен музыканттардың қойылымдары толықтырды. №18 ОМ 7 "Г" сынып оқушылары Педагог-ұйымдастырушы А. М. Демисенов және сын. жетекшісі А. А. Жарлыкакова белсенді қатысты.