«Жасыл әлемді бірге құрайық» атты акциясы өткізді"
18 сәуір күні Амангелді мектебінде биология пән мұғалімі Г.А. Кошаметова 8 сынып оқушылары арасында «Taза Қазақстан» іс-шарасы аясында «Жасыл әлемді бірге құрайық» атты акциясы өткізді.
Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "адал адам –адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Акция барысында оқушылар облыстық табиғи ресурстар жәнетабиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан алған бозарша, шырша ағаштарының тұқымдарды егіп, өз сыныптарының терезесіне орналастырады.