Құндылыққа негізделген тәрбие – еліміздің ертеңіне салынған берік негіз!
💡 Құндылыққа негізделген тәрбие – еліміздің ертеңіне салынған берік негіз! ✨ «АДАЛ АЗАМАТ: ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ – БІРТҰТАС ДАМУ ЖОЛЫ» ✨ 🔹Ағымдағы жылдың 14 мамырында Тайынша ауданында облыстық семинар өтті. 🔹 Семинардың басты мақсаты – оқу-тәрбие үдерісіне құндылықтарды жүйелі түрде кіріктіру, сабақ мазмұны арқылы оқушылардың бойына адами қасиеттерді сіңіру, пәндік білім мен рухани-адамгершілік тәрбие арасындағы үйлесімділікті арттыру. 🔹 Іс-шара үш бағыт бойынша секциялық жұмыстармен өрбіді. Семинар барысында педагогтер мен тәрбиешілер тәжірибе алмасып, құндылыққа негізделген тәрбие беру бағытында жаңа идеялар мен тиімді тәсілдерді талқылады.