2025 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған Солтүстік Қазақстан облысының педагогтерімен онлайн-кездесу өтті.
📌 2025 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған Солтүстік Қазақстан облысының педагогтерімен онлайн-кездесу өтті. 📎 Кездесу барысында қарастырылған мәселелер: - стандарттардағы негізгі өзгерістер мен инновациялар; - білім беру бағдарламаларын қалыптастырудың мақсаттары мен тәсілдері; - оқу жүктемесіне және оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар; - оқушыларды бағалау және қолдау мәселелері. 📝 Кездесуге қатысушылар білім беру процесінде стандарттарды практикалық қолдану бойынша түсініктемелер алды, сондай-ақ өзекті сұрақтар қойып, мамандардан білікті жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар білім беру сапасына қойылатын талаптарды бірыңғай түсінуді қалыптастыруға ықпал етеді және педагогтердің кәсіби дамуын қолдайды.