Біртұтас тәрбие бағдарламасы Қамқор жобасы аясында 11 сыныптарды қолдау мақсатында “Жас түлек” онкүндігі аясындағы іс шараны 9 “Б” сыныбы жалғастырды. 14 мамыр күні таңертең оқушылар 11-сынып түлектерін мектеп кіреберісінде қарсы алып, жылы лебіздерін білдіріп, ерекше көңіл күй сыйлады. Олар плакаттар, шарлар мен музыкалық сүйемелдеу арқылы мерекелік атмосфера ұйымдастырып, түлектерге қолдау көрсетті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, түлектерге жағымды әсер қалдырды.