Әр бала — бір жұлдыз» жобасын жүзеге асыру: өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру — бірінші сынып оқушысының сәтті бейімделуінің кепілі
📘 Ағымдағы жылдың 5 маусымында «Әр бала — бір жұлдыз» жобасын жүзеге асыру: өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру — бірінші сынып оқушысының сәтті бейімделуінің кепілі» тақырыбында вебинар өтті. Балалардың сәтті бейімделуі мен дамуы үшін олардың өздігінен ұйымдасу қабілетін дамыту — негізгі шарттардың бірі екені анықталды. 🧠 Вебинар барысында қатысушылар өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырудың түрлі тәсілдерін меңгерді, соның ішінде күн тәртібін құру, мақсат қою, уақытты тиімді пайдалану және өзіне-өзі бақылау әдістерін қолдану маңызды екені айтылды. Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықтың рөлі ерекше атап өтілді. 🎓 Қорытындылай келе, әрбір бірінші сынып оқушысының сәтті бейімделуі мен дамуы үшін олардың өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын жүйелі түрде дамыту қажет. Бұл — олардың оқу процесіне белсенді қатысуы мен өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруінің кепілі. 🙏 Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және алдағы жұмыстарда табыс тілейміз!