Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Үйірмеден үйренерім көп менің...»

Дарындылар мен дарабоздардың құтты мекеніне айналған Оқушылар сарайының үйірме өнерпаздарының жылдық есеп беру іс-шарасы жоғарыда көрсетілген бағыттағы үйірмелердің шеруімен басталып, соңы мерекелік концертке ұласты.

Келген қонақтар білім мен шығармашылықтың тоғысқан жері, таланттардың алтын ұясына айналған Оқушылар сарайының музыкалық бағыт үйірмелері жас өнерпаздарының өнерімен бірге, көркем-эстетикалық бағыт үйірмелерінің ғажайып көрмесін тамашалап, үйірмелердің жылдық жетістіктерін айқындайтын көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі кештің куәсі болды.

Мерекелік концерттің шымылдығы облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары «Жас дәурен» және «Мұрагер» домбырашылар ансамблінің орындауындағы ұлы күйші-композитор Құрманғазының «Адай» күйімен ашылып, бұдан әрі вокал үйірмесі оқушыларының «Бірлігіміз жарасқан», «Мәңгілік ел», «Ақ көгершін», «Бейбіт өмір болсын әлемде», «Ti amo», «Сердечки», «Катюша», «Бейбітшілік сақталады» әндерімен, би үйірмесі оқушыларының «Шаңырақ», «Достық», сондай-ақ, араб және заманауи билерден құралған флешмикспен жалғасты. Жаңадан ашылған «Театр әлемінде» үйірмесінің оқушылары «Қуыршақ» әнімен, «Жас дәурен» домбырашылар ансамблі соғыс әндерінен поппури, саксафон үйірмесінің оқушысы «Арыс жағасында» әнімен әсем сазды әуенді жүректерге жеткізе білді.

Үйірмелердің есеп беру іс-шарасына «Маңғыстау» телеарнасы «Бала тайм» бағдарламасының түсірілім тобы келіп, жас өрендердің жыл бойы үйренгендерін көпшілік назарына ұсынды.

Жиынға қатысқан өнерлі балалардың ата-аналары іс-шара жобасының жетекшісі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Есіркепова Алма Нығметқызы бастаған ұйымдастыру алқасына және балалардың өнерін шыңдауға, танымын кеңейтуге үлес қосып жүрген үйірме жетекшілеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено