Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ауыл иті – Ақбай»

Оқушылар сарайының сахнасында көрсетілген қойылым көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Зал тола жиналған көрермен ертегілер елінің қақпасын ертегі кейіпкерлерімен бірге ашып, сахналық қойылым шымылдығын бірге түрді. Театрлық көрініске куә бола отырып, жас өнерпаздардың шабытына шабыт қосып, қолдау көрсетті.

Қойылымнан кейін жас актерлермен сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Қойылымды тамашалауға келген Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен N19 мектеп-гимназиясының оқушылары сұхбат алаңына қатысып, театр әлемі, актер шеберлігі туралы танымдық ақпараттар алды.

Сарай әкімшілігі атынан театр жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, актриса-аудармашы Макашева Эльмира Жұмажанқызына және педагог-ұйымдастырушы Сериков Мархабат Берікұлына, сондай-ақ, барлық театр өнерпаздарына алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар тарту етілді.
Жас өнерпаздар үш күн бойы әсем қала Ақтауды тамашалап, теңіз жағалауында демалып, ерекше құрмет пен жылылыққа толы атмосфераға бөленді.

Бұл шығармашылық кездесу барлығымыз үшін де үлкен шабыт сыйлады деп ойлаймыз.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено