Оқушылар сарайында 22-30 мамыр аралығында өтіп жатқан «Қазақстан балалары» онкүндігімен қамтылған «Балалар үні» шарасы аясында қыш құмыра және мүсіндеу үйірмесінің бір топ оқушылары аталған үйірме педагогы Сүгірова Әсел Жандарбекқызының тікелей жетекшілік етуімен «Қыштан кәдесый жасау» шеберлік сағатына қатысты.
Шеберлік сағатының барысында оқушылар өздеріне берілген қышты сумен араластыра отырып, силиконнан жасалған арнайы қалыпқа құю арқылы құмыраның пішінін дайындап алды. Бұдан әрі дайын болған пішінді ауада кептіріп алып, безендіру жұмыстарын жасады.
Дайын болған бұйымдар балалардың өздеріне сыйлық ретінде табысталды.