Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Көңілді жаз»

Оқушылар сарайында 22-30 мамыр аралығында өтіп жатқан «Қазақстан балалары» онкүндігімен қамтылған «Балалар үні» шарасы аясында фетр және жүннен бұйымдар жасау үйірмесінің бір топ оқушыларына үйірме жетекшісі Бермаганбетова Жайнагүл Ақихатқызы «Көңілді жаз» тақырыбымен шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Шеберлік сағатына қатысқан оқушылар жүннен құрғақ филтинг әдісімен сурет салуды үйренді.

Сондай-ақ, түрлі түсті көбелектерді, әуе шарларын, қолшатыр ұстаған қыздың суреттерін жүннен салуды үйрене отырып, әдемі жаз мезгілінің көрінісін жасап шығарды. Оқушылар бұл суреттерді салуда түрлі түсті табиғи жүнді (меринос жүні)  арнайы инелермен дайын суреттің сызбасына шанши отырып, қажетті пішін мен көлемді қалыптастырды. Филтинг әдісімен жүннен сурет салу оқушылардың қолының ептілігін, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамытуға ықпалын тигізді деген сенімдеміз.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено