Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Креативті педагогика: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Бүгін 29 мамыр күні Ақтау қаласы «Оқушылар сарайында» қосымша білім беру ұйымдарындағы көркем-эстетикалық бағытындағы үйірме педагогтерінің қатысуымен «Креативті педагогика: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық семинар-практикум сәтті өткізілді.

Семинар-практикумға қатысушыларға Маңғыстау өнер колледжі, Қарақия кәсіптік колледжі, Жаңаөзен политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері шеберлік сабақтар көрсетіп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын жан-жақты қарастырып, танымдық белсенділікті арттыруға бағытталған тиімді тәсілдерді талқылады.

Сонымен қатар, білім беру үдерісіне инновациялық және креативті әдістерді енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру мәселелері пысықталды. Педагогтер жаңа әдістемелерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын ашуға, мотивациясын көтеруге және білімге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік алды.

Шараға 60 жуық педагог қатысып, болашақта мұндай іс-шараларды жиі өткізу қажеттігін атап өтті. Алға қойған мақсаттарымыз — оқушылардың дарындылығын барынша дамыту, қосымша білім беру процесін жандандыру және инновациялық педагогикалық шешімдерді белсенді енгізу.
Бүгінгі облыстық семинар-практикум қатысушыларына алғысымызды білдіреміз!





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено