Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Балалық шақ – балғын шақ»

1 маусым күні Оқушылар сарайында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және «Облыстық отбасылық үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің құрылғанына 20 жыл толуына орай «Балалық шақ – балғын шақ» атты облыстық көлемдегі үлкен мерекелік шара ұйымдастырылды. 

Ауқымды шараға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Мерген Мендіғалиев, білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев, тергеп-тексеру және экология департаменттерінің, МАЭК өрт сөндіру бөлімінің, «Irepublic» және «Делонги» компанияларының өкілдері, сондай-ақ балаларға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан демеушілер қатысты.

Қонақтар балаларға жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті.

 Шарада балалар ауылының тәрбиеленушілері, сондай-ақ «Өнер колледжі» мен «Шабыт» академиясының өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді.

 Концерттен соң балалар мен қонақтарға арналған мерекелік дастархан жайылып, ерекше көңіл-күй сыйланды.
 Балалардың шат күлкісі мен нұрлы жүздері – қоғамымыздың басты байлығы.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено