Ғылыми-жаратылыстану және ғылыми-техникалық бағыт апталығы аясында сарайда ерекше форматтағы іс-шара – “Ғажайып BIOәлем” атты эксперименттер алаңы ұйымдастырылды.
Бұл күн – балалар үшін нағыз биология әлеміне саяхат болды. Іс-шара барысында оқушыларға түрлі қызықты әрі танымдық эксперименттер көрсетілді. Сонымен қатар, олар өз қолдарымен тәжірибе жасап, ғылымның шынайы таңғажайыптығын сезіне алды.
Балалар:
– Вулкан атқылауы,
– Газ түзілуі,
– Көпіршіктер реакциясы
және т.б. сынды тәжірибелерді көріп, белсенді түрде атсалысты.
Сонымен қатар, жарық микроскоп пен электронды микроскоп арқылы түрлі биологиялық препараттарды дайындап, өз көздерімен зерттеді. Бұл – оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып, ғылымға деген қызығушылығын оятты.
Бұл ерекше алаңды ұйымдастырған биология үйірмесінің педагогтері:
🔹 Серманова Куралай Джамбуловна
🔹 Акылбаева Асель Айтымуратовна
Олардың кәсіби шеберлігінің арқасында балалар ғылымды қызықты, қолжетімді және өмірмен байланысты түрде қабылдай алды.
“Ғажайып BIOәлем” – бұл тек тәжірибе ғана емес, бұл – болашақ ғалымдардың алғашқы қадамы!