📝 Мектепке дейінгі білім беру педагогтері арасында "Менің мектепке дейінгі білім беру философиям" облыстық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 16 педагог қатысты. Қатысушылардың материалдарын қарап, конкурстық комиссия мынадай шешім қабылдады: 🥇 1 орын-Алдабергенова Ботагөз Темерхановна, Аққайың ауданы "№1 Смирновка орта мектебі" КММ жанындағы "Айналайын" шағын орталығының тәрбиешісі; 🥈 2 орын - Бекбергенова Мадина Амангелдіқызы, М. Жұмабаева ауданы "Возвышенка орта мектебі" КММ тәрбиешісі; 🥉 3 орын- Жармұқан Азамат Ермолұлы, Тайынша ауданының "Болашақ" бөбекжай меңгерушісінің м.а. 🎉 Жеңімпаздарды құттықтаймыз, шығармашылық жеңістер тілейміз!