Бұл карталар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристік инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі шаралар кешенінің бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, шетелдік азаматтарға ыңғайлы болу үшін мобильді сайт іске қосылды: safetravel.kz.
Бүгінгі күні карталар: Астана және Алматы халықаралық әуежайларында және Түркістан облысындағы "Қапланбек" шекаралық пунктінде беріледі.
QR коды арқылы не табуға болады:
полициямен шұғыл байланыс үшін "102" қосымшасын (SOS функциясы бар) орнату жөніндегі Нұсқаулық; тіркеу және көші-қонды бақылау жөніндегі жадынама;
жол жүрудің орташа құны көрсетілген такси-сервистер мен қосымшалардың тізімі; ұялы байланыс операторлары және SIM карталарының құны туралы ақпарат. Бұл бастама қазірдің өзінде оң нәтиже к өрсетіп, әрбір туристке Қазақстанда өзін қауіпсіз және сенімді сезінуге көмектеседі.https://ortcom.kz/ru/novosti/175255928