Назар аударыңыз! Жаңа 2025-2026 оқу жылының ұйымдастырылған басталуы мақсатында республикада «Мектепке жол» акциясы басталды. «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға Жалпыға бірдей білім беру қорының бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ демеушілік қаражат есебінен көмек көрсетіледі. Құрметті ата-аналар мен демеушілер! Акцияға белсенді қатысуыңызды сұраймыз. Қайырымдылық көмек белгілі бір отбасына, балаға мектеп формасы, кеңсе тауарлары түрінде көрсетілуі мүмкін. Көмекке мұқтаж балалар туралы мәліметтерді әлеуметтік педагогтан алуға болады – Токжанова Ж.Т. (+77073921850).