Жаңа оқу жылының қарсаңында дәстүрлі облыстық Тамыз конференциясы аясында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
📢 Құрметті әріптестер! Жаңа оқу жылының қарсаңында дәстүрлі облыстық Тамыз конференциясы аясында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында маңызды кездесу өтті. 🔹 9-секция – Солтүстік Қазақстан облысының шағын жинақты мектептері 🔑 Тақырып: «Тірек мектептегі көшбасшылық басқару моделі – білім беруді трансформациялау және кәсіби бағдарланған тұлғаны қалыптастырудың негізі» 👩🏫 Қатысушылар: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сарапшылары, мектеп директорлары, әдіскерлер, ШЖМ мұғалімдері, Bilim Group пен Testter.kz өкілдері. 💡 Спикерлер ұсынды: — ауыл мектептерін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері; — ШЖМ трансформациясының табысты тәжірибелері; — көшбасшылық басқару моделін енгізу жолдары. 🤖 Ерекше қызығушылық тудырды: ✔️ білім сапасын басқарудағы цифрлық құралдар; ✔️ Қазақстандағы алғашқы ЖИ-репетитор; ✔️ ШЖМ жағдайындағы инновациялық оқыту әдістері. ✨ Қорытынды: мектептер мен әдістемелік кабинеттерге ұсыныстар қабылданды — тәлімгерлікті дамыту, инновациялық басқару тәжірибелерін енгізу және оқушылардың кәсіби әрі азаматтық құзыреттерін қалыптастыру.