2025 жылғы қыркүйекте оқу жылының басталуына арналған «Мектеп - мейірім мекені!» салтанатты жиын өтті. Мектепалды сыныбы тәрбиеленушілеріне және бірінші сынып оқушыларына «Западное-СК» және «Агро-Беркут» ЖШС-терінен тамаша сыйлықтар берілді. «Агро-Беркут» ЖШС өкілі мектепке абаттандыру үшін 100 000 теңге сертификатын табыс етті. Мектептің еңбек сіңірген педагогтары К.С.Еримжановаға, В.Г.Рымарчукке - 40 жыл педагогикалық өтіліне, В.С.Дильдебаеваға - 25 жыл өтіліне алғыс айтылды.