ХАБАРЛАМА «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
ХАБАРЛАМА
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
Келесі бос орынға конкурс жариялайды:
1.Директордың құқықтық-тәрбие бойынша орынбасары-1 бірлік,тұрақты.
КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:
- Лауазымдық жалақысы: 180.000-280.000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурсты өткізу мерзімі: 23.09.2025 жылы сағат 15-00 де.
- Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы Саду Шакиров көшесі 3А «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ. Анықтама байланыс телефоны:+77264322052
Почта: mekteply@mail.ru
- Лауазымдық міндеттері:
- тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
- тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
- педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау
- органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
- білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
- психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық
- педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
- мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
- киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
- білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
- кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
- есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
- адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
- білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
- педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
- білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
- туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
- білімалушылардыңбойындапатриоттықтәрбие, іскерлікқарым-қатынасдағдыларын, тамақтанумәдениетінқалыптастырудықамтамасыз етеді;
- білімалушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
Біліктілік талаптары:- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
- және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш 3 қосымшаға сәйкес,
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог, педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Кандидаттың толтырылған бағалау парағы 12,13 қосымшаға сәйкес,
11) жұмыс орнынан ,оқу орнынан ұсыным хат;
Кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.09-15.09.2025ж
Үлгілік талаптарға сәйкестігін қарау мерзімі: 16.09-22.09.2025 ж