Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нде «Отбасы - өмір тірегі» сынып сағаттары өткізілді. Сабақта отбасының әр адамның өміріндегі маңыздылығы талқыланды, қысқа бейнероликтер, отбасылық құндылықтар туралы таныстырылымдар көрсетілді. Оқушылар шығармашылық тапсырманы орындады - «Менің отбасылық ағашым» деп сурет салды.