Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай 2025 жылдың 16 қыркүйегінде «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы «С.Мұқанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған «С.Мұқанов шығармашылығына өлкетанулық көзқарас» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Әркімнің туған тілі – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.
Сәбит Мұқанов

📚 Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай 2025 жылдың 16 қыркүйегінде «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы «С.Мұқанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған «С.Мұқанов шығармашылығына өлкетанулық көзқарас» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын тереңінен зерттеу, оның туған жерімен байланысын, шығармаларындағы өлкетанулық ерекшеліктерін ашу, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу және әдеби мұраны насихаттау арқылы тарихи-мәдени сана қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

📖 Іс-шараға облыстың 40-тан астам тіл мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасып, әдістемелік ұсыныстармен бөлісті.

✍️ Семинар аясында шеберлік сыныптар, шығармашылық шеберханалары мен қатар Сәбит Мұқановтың мұражайына саяхат ұйымдастырылды.

📌 Ұлттық әдеби мұрамызды дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру жолындағы игі істер жалғасын таба бермек!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено