«Тілдер апталығы» аясында 6-сынып оқушылары арасында «Тіл – білгірлері» атты викторина өткізілді.
«Тілдер апталығы» аясында 6-сынып оқушылары арасында «Тіл – білгірлері» атты викторина өткізілді. Сайыс барысында оқушылар түрлі кезеңдерден өтіп, сөздік қорын, грамматикалық білімін және тапқырлығын көрсетті. Әсіресе «Кім жылдам?» кезеңдері оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Әр оқушы өз білімін ортаға салып, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін танытты.
Жарыс қорытындысында үздік шыққан оқушылар марапатталып, барлық қатысушылар алғысқа ие болды.