Қалжыңдасудың да шегі бар. Біреуді мазақ ету — бұл әзіл емес. Буллинг пен кибербуллинг — бұл заң бұзушылық!
Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған: Бірінші рет жасалған жағдайда ата-аналарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады; Егер қайталанса, 30 АЕК (110 760 теңге); Егер бұзақылық жасаған бала 12-16 жас аралығында болса, оның ата-анасы немесе заңды қамқоршысы жауап береді.