Отбасы күні қарсаңында мектебімізде «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында көңілді әрі тартысты спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Бұл шараға оқушылар өз отбасыларымен бірге қатысып, ұйымшылдық пен серіктестіктің тамаша үлгісін көрсетті. Іс-шара дене қыздыру жаттығуларымен басталып, одан кейін қызықты және белсенді эстафеталық кезеңдерге ұласты. Сайыс жоғары деңгейде, тартысты әрі көтеріңкі көңіл-күймен өтті!
Барлық ата-аналар мен оқушылардың белсенділігіне шын жүректен алғыс білдіреміз. Мұндай игі бастамалар отбасылық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттайды. ВИДЕО КӨРУ