Меню KDT

Новости

Главная Новости

Республикалық «Ақберен» өнер байқауы.

2025 жылдың 19 қыркүйегінде аудандық 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған республикалық «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеті: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқауға "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-нің атынан 10 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 4 номинацияның жеңімпаздары анықталды.

Эссе жазу номинациясы бойынша:
Базарбай Мадина 9 "Ә" сынып оқушысы - ІІ орын

Көркемсөз оқу номинациясы бойынша:
Ергеш Кәусар 9 "Ә" сынып оқушысы - І орын;
Айнадин Айсұлтан 6 "А" сынып оқушысы - ІІ орын,
Айтбай Тілеген 9 "А" сынып оқушысы - ІІІ орын.

Ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша:
Кожанкулов Адильхан 8 "А" сынып оқушысы - ІІ орын:

Шешендік, білгірлік сайысы номинациясы бойынша:
Пулат Жайна 9"Ә" сынып оқушысы - ІІ орын
Усербай Шұғыла 9 "Ә" сынып оқушысы - ІІ орын
Ахметова Назым 10 "А" сынып оқушысы - ІІІ орын.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено