«Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі тәрбие мен оқытудың сабақтастығы-дамудың негізгі бағыттары»
Мектептегі білім берудегі жетістіктер көбінесе мектепке дейінгі балалық шақтағы білім мен дағдының сапасына, баланың танымдық қызығушылығы мен танымдық белсенділігінің даму деңгейіне байланысты.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық проблемасы маңызды әрі өзекті болып қалуда.
МДҰ педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні - бұл тәжірибе алмасу және балабақшалар мен мектептер арасындағы білім беру процесіндегі сабақтастық мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара.
Осыған орай 24 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де аудан балабақшаларының тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі тәрбие мен оқытудың сабақтастығы-дамудың негізгі бағыттары» тақырыбында бірыңғай ашық есік күнін ұйымдастырды. Ашық есік күніне «Астана» балабақшасы мен «Қызылжар» шағын орталығының тәрбиешілері қонақ болып келді. Кездесу барысында бағдарламаға сай ұйымдастырылған іс-шаралар өткізіліп, тәжірибе бөлісті және шеберлік сыныптар тамашаланды. «Білім берудегі сабақтастық» Алгожина С.Ж, Баумагамбетова З.Қ. Шеберлік сынып «Баланы бастауыш сыныпқа дайындау» Қайыржанова А.М, Токкужина Г.Ж, Байгарнина С.С. «Балалардың мектепке психологиялық дайындығы» Берденова М.А, Сердалина Т.Б. «Артикуляциялық жаттығудың маңызы» Закирьянова М.Ж. Рефлексия кезінде қатысушылар бір-біріне ұсыныстар айтып, осындай іс-шараның тиімді екенін жеткізді.
Мұндай ашық есік күні тәрбиешілер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне балаларды мектепке дайындаудың заманауи, тиімді тәсілдері туралы білуге, мектепке дейінгі және орта білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету үшін МДҰ мен мектептердің өзара іс-қимылын жолға қоюға көмектеседі.