Новоишим қазақ орта мектебінің асхана жұмысының ұйымдастырылуын 2025 жылдың қыркүйек айында бракераж комиссиясы тексерді.
Новоишим қазақ орта мектебінің асхана жұмысының ұйымдастырылуын 2025 жылдың қыркүйек айында бракераж комиссиясы тексерді.Комиссия төрайымы: мектеп директоры –Б.Ш.Баймагамбетова. Комиссия мүшелері: Қамқоршылық кеңесінің төрайымы -Т.Б.Искакова., ата – аналар комитетінің төрайымы-Р.И.Султанова., шаруашылық жөніңдегі директордың орынбасары-Ж.С.Смаков., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-М.Е.Мукашев, мектеп медбикесі-А.К.Жарасбаева., әлеуметтік педагогтар-А.Н.Байбулатова, А.К.Алгожина. Мектеп оқушылардың ыстық тамағын жеке кәсіпкер Баймуратова Нурида Демеуқызы ұйымдастырады. Асхана қызметкерлері: бас аспазшы Ш.А.Арыкпаева, аспазшы А.А.Гринкевич., нан пісірушісі З.К.Сералина, ыдыс жуушы В.А.Зайцева. Қазіргі кезде білім мекемеде 476 оқушы білім алады. Жалпы оқу қорынан тегін ыстық тамақпен 20 оқушы және 1-4 сыныптар 159 оқушы тегін тамақпен тамақтануда. Қалған оқушылар ақылы тамақтанады, олардың 1 комплекстік ас құңы – 500 теңге құрайды. Оның ішінде 1 компот, нан, ыстық тамақ.
Тамақтану сапасы құрамын күнделікті міндетті түрде мектептің медбикесі тексеріп отырады. Асханада оқушылардың тамақтану кестесі мектеп директоры мен бекітілген. Даярлық топтар, бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушылары кесте бойынша тамақтанады. Мектеп медбикесі күнделікті қазаннаң өзінен əрбір тамақтан сынама алып, тамақты оқушыларға беру мүмкіндігін шешеді.Тамақ өнімдері ауа келіп тұратын стеллаждарда, табандықтарда, тауар қоятын орындарда сақтау көзделген. Қызметкерлер арнайы киімдерін киеді.