"Қазіргі қазақ тілінің жағдайы" тақырыбында пікірсайыс турнирі
2025 жылдың 6-17 қазан аралығында Новоишим қазақ жалпы білім беретін ресурс мектебінде Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта тірек мектебінің бастапқы сессиясы онлайн форматта басталды. Ресурстық орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мукашев М.Е. "Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебі" мектептерінің 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен "Қазіргі қазақ тілінің жағдайы" тақырыбында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Аталған турнирдің мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, өз көзқарастарын еркін жеткізе білуге үйрету, сонымен қатар мемлекеттік тілдің қазіргі қоғамдағы рөліне қатысты саналы ой қалыптастыру болды. Пікірсайысқа екі жақ тарапынан бір-бір командадан оқушылар қатысып, қазақ тілінің бүгінгі таңдағы ахуалына байланысты өз тұжырымдарын дәлелді пікірлермен қорғады. Қатысушылар тақырыпты жан-жақты ашуға тырысып, нақты деректер мен мысалдар арқылы ойларын жеткізді. Турнир оқушылардың тілге деген жанашырлығын, белсенді азаматтық ұстанымын танытты. Мұндай шаралар жас ұрпақтың тілдік сана-сезімін арттырып, рухани-мәдени құндылықтарды бағалауға бағыт береді.