Меню KDT

Новости

Главная Новости

5 қыркүйек – еліміз үшін ерекше күн.

5 қыркүйек – еліміз үшін ерекше күн. Бұл күн – Қазақстан халқы тілдері күні ғана емес, қазақ руханиятының шамшырағы, ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ұлттың тілі мен әдебиетін өрге сүйреп, сананы оятқан саңлақ тұлғаның өнегелі өмірі мен өшпес мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін рухани бағдар, тіл алдындағы жауапкершіліктің айнасы.

Осы атаулы датаға орай Шахта мектебінде "Ана тілім – ардағым, орыс тілі – ой-өрісім, ағылшын тілі – болашаққа бағдарым" атты тағылымды іс-шара өтті. Мақсат – оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін оятып, көптілділік құндылықтарын санасына сіңіру, рухани жаңғыруға үлес қосу.

Шара барысында оқушыларға үш тілдің қоғамдық маңызына байланысты сұрақтар қойылып, танымдық ойындар мен зияткерлік тапсырмалар ұсынылды. Жас зияткерлер белсенділік танытып, білімдерімен, тапқырлықтарымен, тілге деген құрметтерімен көзге түсті.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено