Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Шетел әдебиетіне саяхат" атты таныстыру

ЖББ Шахта мектебінде 12.09.2025 күні мектеп кітапханасында 15минуттық үзіліс уақытында оқушылардың қатысуымен "Шетел әдебиетіне саяхат" атты таныстыру жүргізілді.

Мектеп кітапханашысы Жамиева Айгүл жаңа кітаптар топтамасымен, авторларымен кітаптардың қысқаша мазмұнымен таныстырып өтті. Көркем әдебиет шығармаларының қызықты сюжеті мен әдеби тілмен әспеттелген жазылу стилі оқырманды өзіне баурайтыны анық. 5 "В"сынып оқушылары қызығушылық танытып, кітаптардың 2-бөлімдерін оқуға тағатсыздана күтіп отырды. Мөрленген, нөмірленген жаңа кітаптар өз оқырмандарын табары анық. "Үздік оқырман" атануға ниетті 5 сынып оқушыларына сәттілік тілейміз!







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено